Қазақстан Республикасы Бас прокурорының Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-ның 467-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту барысында сот актілерінің заңсыз болуына байланысты қадағалау
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының қатысуымен өткен ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан қадағалау наразылығымен келіп түскен ӘКБтК-ның 467-бабының 4-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған А.-тың әкімшілік ісін қарап, АНЫҚТАҒАНЫ: А. 2007 жылы 29 қыркүйекте Алматы-Термез тас жолы бойында өзінің басқаруындағы мемлекеттік белгісі В 671 ZNМ «ВАЗ-21060» маркалы автокөлігін спирттік ішімдік ішіп, мас күйінде куәліксіз басқарғаны үшін ІІМ қызметкерлеріне ұсталып, заң бұзушылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік іс материалдары қаралу үшін Ордабасы аудандық сотына жіберілген. Ордабасы аудандық соты әкімшілік іс материалдарын өз іс жүгізуіне қабылдап, 2007 жылғы 15 қарашадағы қаулысымен А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-ның 467-бабының 4-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 920 теңге көлемінде айыппұл салынған. Әкімшілік іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған. Бірінші сот сатысының қаулысын қадағалау тәртібімен қайта қарау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуроры қадағалау наразылығын келтіріп, әкімшілік іс жүргізу барысында ведомстволық бағыныстылықтық бұзылғанын көрсеткен. Осыған байланысты, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қадағалау алқасының 2008 жылғы 21 ақпандағы қаулысымен бірінші сот сатысыны қаулысы бұзылып, құқық бұзушыны әкімшілік жауапқа тарту мерзімі өтіп кетуіне байланысты әкімшілік іс қысқартылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|