Алматы қалалық сотының үкімімен сотталған, пышақ салып өлтірген сотталушының
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы төрағаның, судьялардың, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісінің, жәбірленуші Т.-ның қатысуларымен Астана қаласында еткен ашық сот мәжілісінде Алматы қалалық сотының 2008 жылғы сәуірдің 14 күні шығарылған үкіміне қорғаушы Т.-ның апелляциялық шағымымен келіп түскен қылмыстық істі қарап, АНЫҚТАҒАНЫ: Алматы қалалық сотының 2008 жылғы 14 сәуірдегі үкімімен Ж., 18 наурыз 1990 жылы Өзбекстан Республикасы, Нүкіс қаласында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, бұрын сотталмаған, - Қазақстан Республикасының ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігімен 8 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. Жазаны өтеу мерзімі 15 желтоқсан 2007 жылдан бастап есептелген. Сотталған Ж.-дан жәбірленуші Т.-ға 1 434 460 теңге материалдық шығын өндірілген. Айғақтық заттар мәселесі дұрыс шешілген. Сот үкімімен Ж. 14 желтоқсан 2007 жылы ұрыс-керіс, ерегістен туындаған бас араздық салдарынан жәбірленуші Т.-ның құқығына қарсы қасақана қаза келтіргені үшін кінәлі деп танылған. Қорғаушы Т. апелляциялық шағымында сот үкімімен келіспейтінін, онда Ж.-ға жәбірленушінің жүйелі түрде заңға қайшы іс-әрекеттерінің салдарынан және күш қолданып, қорлауынан кенеттен пайда болған жан күйзеліс жағдайында жасағандықтан, қылмысын ҚК-тің 98-бабының 1-бөлігіне аударып дәрежелеп немесе үкімді бұзып, істі қайта сотқа жолдауды сұраған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|