|
|
|
Н.К. Көдекованы Пекин қаласына (Қытай Халық Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Пекин қаласына (Қытай Халық Республикасы) сапарын өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің сектор меңгерушісі Найля Кенжебайқызы Көдекова 2009 жылғы 22-26 қыркүйек кезеңіне Пекин қаласына (Қытай Халық Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Н.К. Көдековаға қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Пекин - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |