Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 59 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Маннитол 10%
Халықаралық патенттелмеген атауыМаннитол
Дәрілік түрі Инфузионды ерітінді, 500мл
ҚұрамыЕрітіндінің 1000мл құрамында белсенді зат - маннитол, 100,0мг қосымша заттар - 1000 мл-ге дейін инъекцияларға арналған су.
Сипаттамасы Мөлдір, түссіз немесе түссізге жақын сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы Плазма алмастырғыш және перфузионды ерітінді Басқа да ирригационды ерітінділер АТС коды В05ВС01
Фармакологиялық қасиеттер Фармакокинетикасы Маннитол 6 валенттік спирт болып табылады, өзінің молекуласының жоғары полярлылығына байланысты ішке қабылдағаннан кейін сіңбейді. Бұл оның парентеральды еңгізілуіне (көк тамырға) себеп болады. Ол қолданудың жалғыз әдісі болып табылады. Өте баяу метаболизденеді және шумақтық фильтрациядан кейін өзгермеген түрде қала береді. Бірінші несепке қосылғанда сіңбейді және шумақтық фильтраттың жоғарғыосмолярлығын тұдырады, ол судың реабсорбциясын тежейді, әсіресе проксимальды өзектер деңгейінде айқын байқалады. Жартылай шығарылу кезеңі 100 минутқа жуық, бүйрек жетіспеушілігі кезінде 36 сағатқа созылады. Фармакодинамикасы Көк тамырға гипертониялық (10% немесе 18%) ерітінді ретінде еңгізгенде күшті осмодиуретикалық әсері байқалады. Маннитол метаболизге ұшырамайды. Толығымен шумақтық фильтрация арқылы шығарылады және бүйрек өзектерінде реабсорбцияланбайды. Сонымен, өзектерде жоғары осмостық қысым пайда болады, ол судың және аз мөлшерде электролиттердің сіңуін тежейді. Маннитол бүйректің бүкіл өзектік жүйесіне әсер етеді, бірақ оның негізгі әсер ету орны проксимальды сегменттер болып табылады. Маннитол калий иондарының несеппен шығарылуына әсер етпейді, сонымен бірге сілтілі-қышқылдық тепе-теңдікке де әсерін тигізбейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|