Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 133 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде
Саудалық атауы МарÒ Плюс MarÒ Plus
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Мұрынға тамызатын спрей
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді заттар: теңіз суы - 250 мг декспантенол - 10 мг, қосымша заттар: калий дигидрофосфаты, тазартылған су. Құтыда 140 доза препарат бар.
Сипаттамасы Иіссіз, мөлдір түссіз ерітінді
Фармакотерапиялық тобы Мұрын ауруларын емдеуге арналған препараттар АТЖ коды R01АХ10
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Айтылмаған Фармакодинамикасы МарÒ Плюс - стерильді, әсер етуші заты ретінде теңіз суы мен декспантенол бар изотоникалық ерітінді. Мұрын жолдарына бүркіген кезде мұрынға арналған МарÒ Плюс спрейі мұрын секрециясын қалыпқа келтіреді және мұрынның құрғақ шырышын ылғалдандырады. Жыпылықтағыш эпителийдің қызметін жақсартады, бұл мұрын қуысының және қосалқы қуыстарының шырышты қабығының ауру тудырғыш бактериялар мен вирустардың еніп кетуге қарсылығын күшейтеді және шырыштың шаңнан тазаруына мүмкіндік береді. Декспантенол (В5 провитамині) - пантотен қышқылының туындысы және тіндердің қайта жаңғыруы үдерісінің тиімді ынталандырғышы болып табылады. Декспантенол организмде пантотен қышқылына айналады және оның тапшылығының орнын толтырады. Пантотен қышқылы, А коэнзимінің (А коферменті) компоненті ретінде барлық тірі тіндерде болады, ал олардың зақымдануы оған деген қажеттілікті бірден арттырады. Пантотен қышқылы ацетилдену және тотығу үдерістеріне, көмірсу және май алмасуына, трикарбон қышқылының айналымына, ацетилхолиннің (холиннің ацетилденуі), глюкокортикостероидтардың, порфириндердің синтезіне қатысады, жасушалық метаболизмді қалыпқа келтіреді, коллагенді талшықтардың мықтылығын арттырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|