Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 30 қазандағы № 153 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде
Саудалық атауы Эндофальк
Халықаралық патенттелмеген атауы Макроголь
Дәрілік түрі Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ
Құрамы 1 пакетше құрамында мыналар бар белсенді заттар: калий хлориді - 0,185 г натрий хлориді - 1,400 г натрий гидрокарбонаты - 0,715 г макроголь (полиэтиленгликоль) 3350 - 52,500 г қосымша заттар: коллоидты сусыз кремний, натрий сахарині, жеміс-жидек хош иістендіргіші (Фирмених 502.116 АР), апельсин хош иістендіргіші (Драгоко 9/014358)жалпы салмағына дейін 55,318 г.
Сипаттамасы Әртүрлі кристалды заттар қосылған, сәл ащы дәмі, жеміс-жидектің және апельсиннің иісі бар ақ ұнтақ тәрізді қоспа.
Фармакотерапиялық тобы Ішек ішіндегі көлемді арттыратын іш жібіткіш препараттар. АТЖ коды А06АС
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Молекулалық массасы жоғары полиэтиленгликольдар асқазан-ішек жолынан сіңірілмейді және пассаж кезінде метаболизмге ұшырамайды және бактериялардың метаболиздейтін әсерінен туындайтын жағымсыз газдың түзілуін болғызбайды.
Фармакодинамикасы Фармакодинамикалық әсері іш жібіткіш әсеріне байланысты. Ішек ішіндегісін босап шығарады және тазалайды. Дайындалған ерітіндіде электролиттердің құрамы теңгерілген, сондықтан асқазан-ішек жолдарында су мен электролиттердің сіңуі мен секрециясы жүзеге аспайды. Жоғары молекулярлық полиэтиленгликольді қосу ұсақ бөлшектердің изоосмолярлық қанығуын жоғарылатады, олар плазмадағы өзі сияқтылардың қанығуымен салыстырмалы болып шығады. Дайындалған ерітінді іс жүзінде организмдегі сулар мен электролиттердің құрамына әсер көрсетпейді, бұл тепе-теңдігі мен изоосмолярлығының сақталуымен байланысқан. Полиэтиленгликоль инерттік қосылыс болып табылады, ол асқазан-ішек жолдары арқылы өту барысында ең төменгі деңгейде сіңеді және метаболизденбейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|