Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 27 ақпандағы № 36 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде
Саудалық атауыЭДНИТ EDNYT
Халықаралық патенттелмеген атауыЭналаприл
Дәрілік түрі2,5 мг, 5 мг, 10 мг, 20 мг таблеткалар №10 блистерде; картон қорапта 2 немесе 3 блистер.
ҚұрамыБір таблетканың құрамында белсенді заттар - 2,5 мг, 5 мг, 10 мг немесе 20 мг эналаприл малеты бар қосымша заттар: коллоидтық сусыз силикон; магний стеараты; натрий гидрототығы; повидон; тальк; кросповидон; микрокристалдық целлюлоза; лактоза моногидраты.
Фармакотерапиялық тобыАнгиотензин - өзгертуші ферменттің (АӨФ) тежегіші АТЖ коды С09АА02
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішу арқылы қабылдағаннан кейін эналаприлдің 60% жуығы сіңеді. Тамақтану сіңуіне әсер етпейді. Эналаприлге қарағанда едәуір белсенді АӨФ тежегіші болып табылатын белсенді метаболит эналаприлатты түзе отырып, бауырда метаболизмге ұшырайды. Эналаприлаттың плазма ақуыздарымен байланысуы - 50-60%. Эналаприлаттың сарысудағы барынша жоғары концентрациясы 3-4 сағат өткенде, эналаприлдікі -1 сағат өткенде байқалады. Сарысудағы тұрақты концентрациясы 4 күннен кейін орнығады. Эналаприлат гематоэнцефальдық кедергіні қоспағанда, гистогематикалық кедергілер арқылы жеңіл өтеді, аздаған мөлшері плацента арқылы және омырау сүтіне өтеді. Эналаприлаттың жартылай шығарылу кезеңі - 11 сағат. Негізінен бүйрек арқылы - 60% (20% - эналаприл түрінде және 40% - эналаприлат түрінде), ішек арқылы - 33% (6% - эналаприл түрінде және 27% - эналаприлат түрінде) шығарылады. Гемодиализ кезінде (62 мл/минут жылдамдықпен) және перитонеальдық диализ кезінде шығады. Препараттың барынша жоғары тиімділігі 6-8 сағатта байқалады. Әсері 24 сағат бойы сақталады. Барынша жоғары клиникалық тиімділігіне 2-4 апта өткенде байқалады. ФармакодинамикасыДокумент показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|