Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының делегациясын Астрахань қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 1441 Қаулысы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, Қазақстан-ресей трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі комиссиясының 18-ші отырысына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы (бұдан әрі - делегация) 2009 жылғы 28 қыркүйек - 2 қазан кезеңіне Астрахань қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Ғұмарұлы Садықовты, Батыс Қазақстан облысының әкімі аппаратының табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Замир Рамазанұлы Ғабдуллинді және Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппаратының табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бөлімінің бастығы Нина Григорьевна Данилованы қоспағанда, делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астрахань - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1441 қаулысына
қосымша
Астрахань қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілетін
Қазақстан Республикасы делегациясының
құрамы
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, делегация басшысы |
Әбішев Айдар Жолбарысұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, делегация басшысының орынбасары |
Кеншімов Әмірхан Қадырбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары, делегация басшысының орынбасары |
Садықов Ербол Ғұмарұлы | - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Жиенбаев Мүсілім Рысмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу басқармасының бас сарапшысы |
Құсайынов Есболат Бектұрсынұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бас штабы бірінші басқармасының консультанты (келісім бойынша) |
Сейдалиев Берік Меңлібекұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті агроөнеркәсіптік кешенді және табиғи ресурстарды дамыту басқармасының бас сарапшысы |
Нұрсадықов Дархан Қуанышұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаментінің екінші хатшысы |
Ғабдуллин Замир Рамазанұлы | - Батыс Қазақстан облысының әкімі аппаратының табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы |
Данилова Нина Григорьевна | - Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппаратының табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бөлімінің бастығы |
Оразалинов Әділхан Ақылбекұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Есіл экология департаменті Солтүстік Қазақстан филиалының бастығы |
Атшабаров Нұрлан Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу басқармасы Есіл бассейндік инспекциясының бастығы |
Қуанов Бейсен Отарұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу басқармасы Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының бастығы |
Баймағамбетов Қазымбек Қартайұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу басқармасының Ертіс бассейндік инспекциясы бастығының орынбасары |