«Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығын және (1998.20.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Машина жасау кешенiн дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеу және оны iске асыруды ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: ҚР Үкіметінiң 1998.20.05. № 457 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының, Қорғаныс министрлігінiң және Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына ведомстволық бағыныстағы «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығын «(СFTO)» құру туралы ұсынысы қабылдансын. «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығының (CFTO) мекен-жайы Алматы қаласы болып белгiленсiн. 2. Қарағанды ұлттық техникалық университетiнiң жанындағы машина жасау кешенiн болжау жөніндегі арнайы ғылыми бөлiмшенiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына ведомстволық бағынысты «Машина жасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» мемлекеттік мекемесi құрылсын. 3. «Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: аталған қаулымен бекітілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесiне: мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын: «11. Машина жасаудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен аспаптар жасаудың ғылыми-техникалық проблемалары». ҚР Үкіметінiң 1998.20.05. № 457 қаулысымен 4-тармақ өзгертiлдi 4. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы, Қаржы министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қорғаныс министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi: бiр ай мерзiм iшiнде «Машина жасау» салааралық ғылыми-зерттеу орталығының құрамына кейбір бейiндiк ғылыми-зертеу және тәжiрибе конструкторлық ұйымдарды енгізу жөнiнде ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзетiн болсын; Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiмен бiрлесе отырып 1998 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн. 5. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы бiр ай мерзiмде: құрылған мемлекеттік мекемелер туралы ережелердi бекiтсiн және белгiленген тәртiппен олардың әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн; «Машина жасаудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен аспаптар жасаудың ғылыми-техникалық проблемалары» нысаналы бағдарламасының кең ауқымды нұсқасын оның негiзгi тапсырмаларымен және көрсеткiштерiмен бекiтсiн. 6. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы мен Әдiлет министрлігі бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған актілерін осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
|