Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 қазандағы № 185 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде
Саудалық атауы ЭКСИСТЕН - сановель
Халықаралық патенттелмеген атауы Мелоксикам
Дәрілік түрі 7.5 мг таблеткалар.
Құрамы Бір таблеткада белсенді зат - 7.5 мг мелоксикам, қосалқы заттар: тринатрий цитрат.2Н2О, лактоза.Н2О, микрокристалдық целлюлоза, Повидон, силикон диоксиды, Кросповидон, магний стеараты.
Сипаттамасы Ақшыл сары түсті дөңгелек таблеткалар
Фармакологиялық тобы Қабынуға қарсы стероидтық емес дәрілер. Оксикамдар. АТЖ коды M01AС06
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Сіңуі: ішке қабылданған мелоксикамның сіңуі 89%. Тамақтану мелоксикамның сіңуіне ықпал етпейді. Қан сарсуындағы қанығу деңгейі мөлшерге байланысты. Тұрақты қанығу деңгейіне қабылдауды бастағаннан кейін 3-5 тәулік арасында жетеді. Препаратты 1 жылдан астам уақыт қабылдағанда қандағы қанығуы «платоға» шығу деңгейінен аспайды. Таралуы: қан сарсуындағы ақуыздармен байланысуы 99%. Тәулігіне 1 рет қабылданғанда қанығу деңгейінің ауытқуы елеусіз, 7.5мг мөлшері үшін 0,4 - 1мкг/мл, ал 15 мг мөлшері үшін 0,8-2мкг/мл құрайды. Мелоксикам буын сарсуына жақсы өтеді, ондағы қанығу деңгейі қан сарсуындағыдан 50% құрайды. Метаболизмы мен шығарылуы: мелоксикам түгелдей метаболиттенеді. Тәуліктік мөлшердің 5%-дан азы өзгермеген түрде нәжіспен шығарылып, іздері несептен табылдады. Негізгі метаболиттену жолы - метил тобының тотығуы. Мелоксикам негізінен метаболиттер түрінде бүйрек және ішек арқылы бірдей шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 20 сағат. Бауыр жетіспеушілігі фармакокинетикалық көрсеткіштерін өзгертпейді. Қан сарсуындағы орташа клиренсі 8мл/мин. Таралу көлемі- 11л. Бұл көрсеткіштер 30-40% арасында ауытқиды. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|