|
|
|
Жаппай жекешелендіруді аяқтау туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасын жүзеге асырудың шеңберіндегі жаппай жекешелендіруді аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді: ҚР Министрлер Кабинетінің 1995.10.04 № 1302 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Инвестициялық жекешелендіру қорлары қабылдау пункттерінің халықтан жекешелендіру инвестициялық купондарын қабылдауды аяқтау күні 1995 жылдың 30 қыркүйегі болып белгіленсін. Қазақстан Республикасы Халық банкінің жекешелендіру инвестициялық купондарын қабылдауының ақырғы күні 1995 жылдың 30 қазаны болып белгіленсін. Қазақ мемлекеттік ақпарат агенттігі мен "Қазақстанның теледидары және радиосы" республикалық корпорациясы жекешелендірудің инвестициялық купондарын қабылдау аяқтау мерзімі туралы республика халқына хабарлауды қамтамасыз ететін болсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті жаппай жекешелендіру шеңберінде аукционға қоюдың санын жеке жоба бойынша жекешелендірудің тізбесіне енгізілген кәсіпорындар акциясының бір бөлігін, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетуші кәсіпорындардың акцияларын купондық аукционға тарту есебінен 150 объектіге дейін көбейтсін. ҚР Министрлер Кабинетінің 1995.10.04 № 1302 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитеті: жаппай жекешелендіруді 1996 жылғы 1 қаңтарға дейін аяқтайтын болсын; инвестициялық жекешелендіру қорлары 1995 жылдың 30 қазанына дейін инвестиция декларацияларын, сондай-ақ жекешелендіру инвестициялық купондары мен сатып алынған құнды қағаздар бойынша есептерін беруді қамтамасыз етсін; мамандандырылған купон аукциондары аяқталған соң купон иелерінің мүдделерін қорғауды көздейтін инвестициялық жекешелендіру қорларының қызметін реттейтін нормативтік актілер 1995 жылдың 1 қарашасына дейін бекітуге тапсырылсын; бұқаралық ақпарат құралдарында жаппай жекешелендірудің негізгі аспектілері бойынша халықты толық хабардар етуге бағдарланған тиімді насихат жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін. ҚР Министрлер Кабинетінің 1995.10.04 № 1302 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті, облыстардың және Алматы қаласының әкімдері, Қазақстан Республикасының Халық банкі купондарды қабылдау және мамандандырылған купондық аукциондарды өткізудің аяқталуына байланысты ұйымдастыру-техникалық шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Премьер-министрдің орынбасары В.В.Соболевке жүктелсін. Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің бірінші орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |