Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 62 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде тұтынушыларға арналған нұсқаулық
Дәрілік препаратты қолданудың алдында міндетті түрде дәрігермен кеңесіп, нұсқаулықты мұқият оқып шығу керек.
Саудалық атауы Элидел®
Халықаралық патенттелмеген атауы Пимекролимус
Дәрілік түрі Сыртқа қолдануға арналған 1% крем.
Құрамы Кремнің 1 г құрамында мыналар бар: белсенді заты 10 мг пимекролимус; қосымша заттар: триглицеридтер, олеил спирті, пропиленгликоль, стеарил спирті, цетил спирті, моно- және диглицеридтер, натрий цетостеарил сульфаты, бензил спирті, лимон қышқылы, натрий гидрототығы, тазартылған су бар.
Фармакологиялық қасиеттері Фармакодинамикасы Пимекролимус аскомицин макролактамының туындысы. Өнімді және цитокиндер мен медиаторлардың Т-лимфоциттерден және нығыз жасушалардан бөлініп шығуын селективті түрде тежейді. Қабынуға қарсы қасиеттері бар. Пимекролимус макрофилин-12-мен ерекше байланысады және кальциневриннің кальцийге тәуелді фосфатазасын тежейді. Нәтижесінде ерте болатын цитокиндердің транскрипциясын тежей отырып, пимекролимус Т-лимфоциттердің белсенділенуін басады. Атап айтқанда, наномолярлы концентрацияларда пимекролимус адамның Т-лимфоциттерінде интерлейкин-2-нің, гамма интерферонның (Тһ1 түр), интерлейкин-4-тің және интерлейкин-10-ның (Тһ2 түр) синтездерін тежейді. Бұдан басқа, іn vіtro антиген/ІgE кешенімен өзара әрекеттескеннен кейін пимекролимус антиген/ІgE нығыз жасушалардан қабыну медиаторлары мен цитокиндердің бірігіп бөлініп шығуын болғызбайды. Пимекролимус кератиноциттердің, фибробласттардың және эндотелиальдық жасушалардың өсуіне ықпал етпейді. Пимекролимус тері қабынуында тиімді, сонымен бірге оның жүйелі иммундық жауапқа әсері болымсыз.
Фармакокинетикасы Жергілікті қолданылғанда пимекролимустың қандағы концентрациясы өте төмен болатындықтан, метаболизм параметрлерін анықтау мүмкін болып табылмайды. Адамдардың терісінде препараттың іn vіtro метаболизмі байқалған жоқ.
Қолданылуы Атопиялық дерматит (экзема). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|