Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 23 қазандағы № 181 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауыЭнап-НЛ 20
Халықаралық патенттелмеген атауыЖоқ
Дәрілік түріТаблеткалар
ҚұрамыБір таблетканың құрамында белсенді заттар - 20 мг эналаприл малеаты 12,5 мг гидрохлортиазид бар, қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, лактоза моногидраты, желатинденген жүгері крахмалы, тальк, магний стеараты.
СипаттамасыЖайпақ, шеттері қиғашталған бір жағында кертігі бар дөңгелек сары түсті таблеткалар
Фармакотерапиялық тобыРенин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін препараттар. Диуретиктермен біріктірілген АӨФ тежегіштері АТЖ коды С09ВА02
Фармакологиялық қасиеттері ФармакокинетикасыЭналаприл асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді. Сіңу көлемі 60% құрайды. Тамақ эналаприлдің сіңуіне әсер етпейді. Барынша жоғары концентрациясына 1 сағат өткенде жетеді. Бауырда эналаприл белсенді метаболит - фармакологиялық әсерді бойына жинақтаушы эналаприлатқа дейін метаболизденеді. эналаприлаттың қан плазмасындағы барынша жоғары концентрациясына 36 сағаттан кейін жетеді. Эналаприл негізінен эналаприлат түрінде несеппен (60%) және нәжіспен (33%) шығарылады. Эналаприлат организмнің көптеген тіндеріне негізінен өкпеге, бүйрек пен қан тамырларына өтеді. қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы - 50-60%. Эналаприлат одан әрі қарайғы метаболизмге ұшырамайды және несеппен 100% шығарылады. Эналаприл мен эналаприлаттың бүйрек клиренсі 0,005 мл/с (18 л/сағ) және тиісінше 0,00225-0,00264 мл/сағ (8,1-9,5 л/сағ) құрайды. Бірнеше сатыда шығарылады. Эналаприлдің көп реттік дозаларын тағайындағанда эналаприлаттың қан сарысуынан шығарылу кезеңі шамамен 11 сағатты құрайды. Эналаприл мен эналаприлат плаценталық бөгет арқылы өтіп, омырау сүтінен бөлініп шығады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|