Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 24 қарашадағы № 297 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Энат 400
Халықаралық патенттелмеген атауы Токоферол
Дәрілік түрі 400 ХБ капсулалар
Құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 400 ХБ d-альфа токоферол ацетаты түріндегі Е витамині, қосымша заттар: соя майы, капсуланың құрамы: желатин, глицерин, тазартылған су.
Фармакотерапиялық тобы Виаминдер. Басқадай витаминдер. Токоферол. АТЖ коды А11НА03
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішке қабылдаған кезде токоферолдың сіңуі 50% болады, сіңу барысында липопротеиндермен жиынтық (токоферолдың жасушаішілік тасымалдаушылары) түзеді. Сіңуі үшін құрамында өт қышқылдары болуы керек. Альфа1- және бета-липопротеиндермен, ішінара сарысу альбуминдерімен байланысады. Ақуыз алмасуы бұзылған кезде тасымалдау қиындайды. Қан плазмасындағы ең жоғары қанығу деңгейіне (Сmax) 4 сағаттан соң жетеді. Бүйрекүсті бездерінде, гипофизде, аталық ұрықта, май жіне бұлшық ет тіндерінде, эритроциттерде, бауырда қорға жиналады. 90%-дан астамы өтпен бірге, 6%-ы бүйректер арқылы шығарылады. Фармакодинамикасы Энат 400 антиоксидантты әсер етеді, гемнің және ақуыздардың гемосинтезіне, жасушалардың пролиферациясына, тіндік тыныс алуға, тіндік метаболизмнің басқа да маңызды үдерістеріне қатысады, эритроциттердің гемолизіне жол бермейді, қылтамырлардың жоғары өткізгіштігіне және жарылуына кедергі жасайды.
Қолданылуы - Е гиповитаминозына - қызба синдромымен өткен аурудан кейін реконвалесценция жағдайында - дене жүктемесі жоғары болғанда - егде жаста - байлам аппараттарының (оның ішінде омыртқа санының), буындар мен бұлшық еттердің дегенеративті және пролиферативті өзгерулерінде, бұлшықеттің алғашқы дистрофиясында, жарақаттан кейінгі, жұқпадан кейінгі екіншілік миопатияда - ревматоидты артритте Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|