Елордада құқық қорғау қызметін толық жетілдіру және қылмыстықпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жолындағы Астана қаласы Ішкі істер департаментінің қызметі туралы
Астана қаласы мәслихатының сессиясы «Елор-дада кұкық қорғау қызметін толық жетіддіру және қылмыстықпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күресу жолындағы Астана қаласы ішкі істер департаментінің қызметі туралы» баяндамасын тыңдап және талқылап, қаладағы құқық қорғау органдарымен қаладағы оперативті жағдайды тұрақтандыру, қылмыстықпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижесін жоғарылату, қоғамдық қауіпсіздік пен кұқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру және тәжірибелік шаралардың қабылданып жатқанын белгіледі. Құқық бұзушылық пен қылмыстыққа, жемқорлыққа қарсы күресті, есірткі таратуға қарсы әрекетті алдын алу бойынша бағдарламалар құрылып, жүзеге асырылып жатыр. Қоғамдық тәртіпті нығайту бойынша шаралар қолданылып жатыр. Барлық палициялық жасақтарды орналастыру мен жұмыс тәртібінін сұлбасы қайта қарастырылып, қаланың шет аймақтарында маршрутардың және полиция жасақтарының саны өсе түсті. Елордада кұқықтық тәртіпті шамамен 1000 полиция қызметкері және 230 ішкі әскердің әскери қызметшілері қамтамасыз етеді. Елорда аумағында 273 бейнебақылау камералары тәулік бойы қызмет істеп жатыр, олар қылмысқа шапшаң әрекет етіп, жолдарды, қоғамдық орындарды және қала көшелерін бейнебақылаумен қамтуға мүмкіндік береді. Адамдардың ең көп топтасатын жерлерінде, қаланың орталығында және сол жағалауда «Модуль» жүйесінің 12 стационарлық бекеттері орнатылған, олардың ішіндегі елордалық полиция қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|