Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 224 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Эспумизан® 40
Халықаралық патенттелмеген атауы Симетикон
Дәрілік түрі Балаларға арналған 40 мг/5 мл эмульсия Құрамы5 мл (1 шай қасық) балаларға арналған эмульсияның құрамындабелсенді зат - 40 мг симетикон бар,қосымша заттар: 7,5 мг метил-4-гидроксибензоат, карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы, полисорбат 80, натрий цикламаты, кремнийдің жоғары дисперсті қос тотығы, сахариннің натрий тұзы, банан исі бар хош иісті заттың концентраты 516060, хлорлы сутегі қышқылы, тазартылған су.
Сипаттамасы Жемістің исі бар түссіз немесе түссіз дерлік бұлыңғыр эмульсия
Фармакотерапиялық тобыМетеоризмді емдеуге арналған дәрі. АТЖ коды А03АХ13
Фармакологиялық қасиеттеріФармакокинетикасы Симетикон асқазан-ішек жолы арқылы өте отырып, сіңбейді және өзгермеген күйінде шығарылады. Фармакодинамикасы Метеоризмді азайтатын дәрі. Диметиконның (диметилполисилоксанның) молекуласына 20 және 400 аралықтағы дәрежеде 4-7% кремнийді кіріктіру жолымен алынады. Олардың ыдырауыт туындата отырып, ішекте болатын газ көпіршіктерінің үстірт қампуын азайтады. Босап шығатын газдар ішінара ішек қабырғаларына сіңеді, сондай-ақ ішектің перистальтикасы есебінен организмнен шығарылады.
Қолданылуы- асқазан-ішек жолында газдардың шамадан тыс физиологиялық емес түзілуі мен жинақталуында (метеоризмде, ішектің желге толып кебуінде, аэрофагияда, диспепсияда, Ремгельд синдромында, нәрестелердің іші шаншуында) - операциядан кейінгі кезеңдегі газ түзілуінің жоғарылауында - құрсақ қуысы органдарын диагностикалық зерттеулеге дайындауда (ультрдыбыстық зерттеулерде, рентгенографияда және т.б.) - көбікті азайтқыш ретіндегі жуғыш заттармен (үстірт-белсенді заттармен) жедел улануларда. Қолдану тәсілі және дозаларыДозалау үшін қаптамасына өлшегіш қасық қоса салынады. Өлшегіші қасығына 5 мл Эспумизан® 40 сияды Метеоризм және диспепсия кезінде: Ересектер мен 14 жастан үлкен балаларға - Эспумизан® 40 препаратының 2 өлшегіш қасығын күніне 3-тен 5 ретке дейін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|