Құлдық туралы
2008 жылғы 5 ақпандағы № 19-IV ҚР Заңымен ратификацияланды
2008 жылғы 1 мамырда күшіне енді
Құлдық туралы конвенция Женевада 1926 жылғы 25 қыркүйекте қол қойылған, 1953 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамамен енгізілген өзгертулермен қоса беріліп отыр 1889-90 жылдары Брюссель Конференциясының Бас актісіне қол қойған мемлекеттер Африкада еріксіздерді сатуды жою ниеті туралы өздерінің мәлімдеме жасағанын ескере отырып; 1885 жылғы Берлин Бас актісін және 1890 жылғы Брюссель Бас актісі мен декларацияны қайта қарайтын 1919 жылғы Сен-Жермен конвенциясына қол қойған мемлекеттер құлдықты оның барлық нысандарында және құрлық пен теңізде еріксіздерді сатуды толығымен жою ниетін білдіргенін ескере отырып; 1924 жылы 12 маусымда Ұлттар Лигасының Кеңесі белгілеген Құлдық жөніндегі Уақытша Комиссияның баяндамасын назарға ала отырып; Брюссель актісінің негізінде жүзеге асырылған істі аяқтауға және дамытуға, Сен-Жермен конвенциясына қол қойған мемлекеттердің еріксіздерді сату мен құлдыққа қатысты білдірген ниеттерін бүкіл әлемде практикада жүзеге асырудың тәсілін табуға ниет білдіре отырып және бұл үшін осы Конвенциядағы ережелерден гөрі одан да нақтырақ ережелерді қабылдау қажет екенін мойындай отырып; Сонымен қатар мәжбүрлі еңбек құлдық жағдайларына ұқсас жағдайларға әкеп соғатынына кедергі келтіру қажет екенін ұйғара отырып; Конвенция жасасуды шешті және бұл үшін өздерінің уәкілетті адамдары ретінде мыналарды тағайындады: /уәкілетті адамдардың тегі жазылады/, Өз құзыреттері бойынша, төмендегілер туралы келісті:
Осы Конвенцияның мақсаттарында: 1. Құлдық дегеніміз меншік құқығының атрибуттары немесе олардың кейбіреуі қолданылатын адамның жай-күйі мен жағдайы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|