1926 жылғы 25 қыркүйекте Женевада қол қойылған Құлдық туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттама
2008 жылғы 5 ақпандағы № 19-IV ҚР Заңымен ратификацияланды
2008 жылғы 1 мамырда күшіне енді
Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер, 1926 жылғы 25 қыркүйекте Женевада қол қойылған Құлдық туралы конвенция (бұдан әрі «Конвенция» деп аталатын) бойынша, Ұлттар Лигасына кейбір міндеттер мен функциялар жүктелгенін назарға ала отырып, және бұдан кейін бұл міндеттер мен функцияларды атқаруды Біріккен Ұлттар Ұйымы өзіне қабылдауын мақсатқа сай деп есептей отырып; төмендегілер туралы келісті:
Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер, өздерінің қарым-қатынастарында, осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес Конвенцияға енгізілген және осы Хаттамаға қосымшада баяндалған түзетулердің заңды күші мен мағынасын қабылдауға және тиісті түрде оларды қолдануға міндеттенеді.
1. Осы Хаттама Конвенцияға қатысушы кез-келген мемлекеттің қол қоюы және қабылдауы үшін ашық, осы мақсаттарда оған Бас хатшы осы Хаттаманың көшірмесін жолдайды. 2. Мемлекеттер осы Хаттамаға: а) қабылдауға қатысты ескертулерсіз қол қою; b) одан кейін қабылдануға тиісті, қабылдауға қатысты ескертулермен қол қою; с) қабылдау арқылы қатысушы бола алады. 3. Қабылдау Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына формальды актіні сақтауға беру арқылы жүргізіледі.
1. Осы Хаттама кемінде екі мемлекет оған қатысушы болған күні күшіне енеді және бұдан кейін әр мемлекетке қатысты ол Хаттамаға қатысушы болған күні күшіне енеді. 2. Осы Хаттаманың Қосымшасында баяндалған түзетулер Хаттамаға жиырма үш мемлекет қатысушы болғаннан кейін күшіне енеді және одан кейін мұндай түзетулер күшіне енгеннен кейін Конвенцияға қатысушы болған әрбір мемлекет, тиісінше өзгертілген Конвенцияға қатысушы болады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|