|
|
|
Н.К. Смағұлов пен Е.Қ. Сәдуақасовты Баку қаласына (Әзірбайжан Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Байғонысұлы Мұхамеджановтың Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының бірінші жалпы отырысына (Баку қаласы) қатысуын ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің басқарма бастығы Нұрлан Кеңесбайұлы Смағұлов 2009 жылғы 27-30 қыркүйек кезеңіне және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің аға офицері Ержан Қабдолаұлы Сәдуақасов 2009 жылғы 23-30 қыркүйек кезеңіне Баку қаласына (Әзірбайжан Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Н.К. Смағұловқа қонақ үйде тұруға және тәуліктік шығыстарға, Е.Қ. Сәдуақасовқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Баку бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |