|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеудегі және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеудегі және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеудегі және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |