|
|
|
Д.Қ. Шәріпованы, Е.Ж. Жанқуатовты және М.Ж. Елеусізді Минск қаласына (Беларусь Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, «Концессиялық жобалар туралы» заңнамалық актінің үлгі жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті құқықтық сараптама және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу басқармасының бастығы Динара Қайроллақызы Шәріпова, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті нормативтік және үйлестіру жұмысы басқармасының бастығы Еркін Жандосұлы Жанқуатов және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті сапаны бақылау басқармасының бастығы Медет Жұмабайұлы Елеусіз 2009 жылғы 28 қыркүйек - 2 қазан кезеңіне Минск қаласына (Беларусь Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Д.Қ. Шәріповаға, Е.Ж. Жанқуатовқа және М.Ж. Елеусізге қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Минск - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |