| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Д.С. Тұрысбековті және Ж.Ж. Әділованы Женева қаласына (Швейцария Конфедерациясы) іссапарға жіберу туралы (2009.16.11. берілген өзгерістермен)
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, Жария компаниялардың халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары жөніндегі техникалық семинар мен Халықаралық есеп және есептілік стандарттары жөніндегі сарапшылардың үкіметаралық жұмыс тобының жыл сайынғы 26-шы отырысына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2009.16.11. № 1852 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Тіркеу департаментінің директоры Дәурен Сейілханұлы Тұрысбеков және Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің Тіркеу департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының сарапшысы Жәния Жексенбекқызы Әділова 2009 жылғы 4 - 10 қазан кезеңіне Женева қаласына (Швейцария Конфедерациясы) іссапарға жіберілсін. ҚР Үкіметінің 2009.16.11. № 1852 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Д.С. Тұрысбековке және Ж.Ж. Әділоваға қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Амстердам - Женева - Амстердам - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |