Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 30 қазандағы № 153 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Цефлокс-250 Цефлокс-500
Халықаралық патенттелмеген атауы Ципрофлоксацин
Дәрілік түрі Үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг, 500 мг таблеткалар
Құрамы Цефлокс-250 бір таблеткасының құрамында белсенді зат - 250 мг ципрофлоксацинге барабар ципрофлоксацин гидрохлориді, қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалдық целлюлоза, тазартылған су, тазартылған тальк, магний стеараты, коллоидтық кремний диоксиді, натрий кросскармеллозасы, қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, тазартылған тальк, полиэтиленгликоль-400, пропиленгликоль, титан диоксиді, тазартылған су.
Цефлокс-500 бір таблеткасының құрамында белсенді зат - 500 мг ципрофлоксацинге барабар ципрофлоксацин гидрохлориді, қосымша заттар: натрий крахмал гликоллаты, тазартылған су, тазартылған тальк, магний стеараты, коллоидтық кремний диоксиді, микрокристалдық целлюлоза, қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, тазартылған тальк, полиэтиленгликоль - 400, пропиленгликоль, титан диоксиді, тазартылған су.
Сипаттамасы Цефлокс-250: дөңгелек, екі жағы дөңес, ақ түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағында бөлетін сызығы бар таблеткалар Цефлокс-500: сопақша, екі жағы дөңес, ақ түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде бөлетін сызығы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы Жүйелік әсер ететін антибактериялық препараттар. Фторхинолондар. АТЖ коды J01МА02
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Сіңуі: ішке қабылданғаннан кейін ципрофлоксацин асқазан-ішек жолынан оңай сіңеді. Толық биожетімділігі шамамен 70%-ды құрайды, «алғашқы өту» метаболизмінде айтарлықтай жоғалусыз. Ішке қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң ең жоғары шектегі концентрацияға жетеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|