|
|
|
А.Ғ. Испаеваны Париж қаласына (Француз Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Халықаралық өлшемдер мен шамалар бюросындағы Ғылыми метрологиялық институттар директорларының отырысына және Ұлттық метрологиялық институттар беретін ұлттық өлшем эталондары мен калибрлеу және өлшеу сертификаттарын өзара тану туралы келісімнің 10 жылдығына арналған симпозиумға қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті халықаралық ынтымақтастық және заң жұмысы басқармасының бас сарапшысы Арайлым Ғамитдинқызы Испаева 2009 жылғы 6 - 10 қазан кезеңіне Париж қаласына (Француз Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі А.Ғ. Испаеваға қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Майндағы Франкфурт - Париж - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |