Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 19 тамыздағы № 260 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Цисплатин-ЛЭНС
Халықаралық патенттелмеген атауы Цисплатин
Дәрілік түрі Инъекцияға арналған (концентрат) 0,05% 20 мл және 100 мл ерітінді
Құрамы 1 мл ерітіндінің ішінде белсенді зат - 0,5 мг цисплатин, қосымша заттар - натрий хлориді, хлорлы сутек қышқылы, натрийдің сулы тотығы, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы Мөлдір, түссіз немесе аздап сарғыш түсті ерітінді
Фармакотерапиялық тобыБасқадай ісікке қарсы препараттар. Платинамен біріктірілген. АТЖ коды L01XA01
Фармакологиялық қасиеттері ФармакокинетикасыКөктамырға жылдамдатып (15 минут - 1 сағат) құйғаннан кейін қан плазмасындағы цисплатиннің пайда болуы мен ең жоғарғы қанығу деңгейі енгізгеннен кейін сол сәтте анықталады. 6-24 сағат ішінде көктамырға құйған кезде қан плазмасында препараттың қанығу деңгейі енгізудің соңында ең жоғарғы деңгейге жете отырып, құю кезінде біртіндеп өседі. Цисплатин организм мен тіндердің биологиялық сұйықтығына қарқынды таралуымен сипатталады; мұндайда жоғарғы қанығу деңгейі бүйректе, бауырда және қуықасты безінде орын алады. Цистплатиннен босап шыққан платинаның өзі, жеке цисплатин емес тіндердің және қан плазмасының ақуыздарымен тез байланысады. Болюсты түрде енгізгеннен кейін 3 сағаттан соң және платинаны құюдан үш сағаттан соң 2 сағаттан кейін қан плазмасының ақуыздарымен байланысқаны байқалған. Емдеу курсын қайталаған кезде организм тіндерінде платинаның жинақталғаны және дәрілік заттың соңғысын енгізгеннен кейін кейбір тіндерде тағы 6 ай бойы платинаның бар болатыны байқалған. Цисплатиннің биологиялық өзгеруі белсенді емес метаболиттердің түзілуімен жылдам ферментті емес өзегруі арқылы іске асады. Ақыздармен байланыспаған цисплатиннің ғана цитоуыттылық әсері бар Немесе оның құрамында платина бар метаболиттері. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|