Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 7 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы № 66 Қаулысының 9 тармағына сәйкес ІІІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қосымшаға сәйкес Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесі бекітілсін. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Б.Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.С.Сманқұловқа жүктелсін. 3. Осы шешім Алматы қаласы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
мәслихаты ХХХ сессиясының 2007 жылғы 5 маусымдағы № 347 шешіміне қосымша
Алматы қаласы әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан жекешелендіру Ережесі (әрі қарай мәтін бойынша - «Ереже») Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының (әрі қарай мәтін бойынша - «коммуналдық тұрғын үй қоры») үйлерінен тұрып жатқан тұрғын үйлерді немесе тұрғын үй-жайларды жалдаушының меншігіне жекешелендіру (сатып алу немесе тегін беру) арқылы алу үшін қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|