«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 және
Осы редакция 2009 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметiнің кейбір шешімдерінe мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітiлген «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың» мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында: «1. Әр түрлi мақсаттағы отандық ғарыш аппараттарын құруға және ұшыруға арналған негiздердi әзiрлеу» деген бөлiмде: реттік нөмiрi 5-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «420,0, оның iшінде жылдар бойынша: 2005 - 60,0; 2006 - 304,0; 2007 - 56,0»; реттік нөмiрi 7-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «504,0, оның iшінде жылдар бойынша: 2005 - 157,0; 2006 - 347,0»; «2. Әр түрлi мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыруға және басқаруға арналған жер үстi инфрақұрылымын дамыту» деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 13-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «1260,0, оның iшiнде жылдар бойынша: 2005 - 500,044; 2006 - 504,548; 2007 - 255,408»; peттiк нөмiрi 16-жолда: 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: «МИГ-31Д» ұшағының базасында «Есіл» авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру»; 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «18404,422, оның ішінде жылдар бойынша: 2005 - 500,0; 2006 - 1000,0; 2007 - 16904,42»; 7-баған мынадай редакцияда жазылсын: «РБ»; көрсетiлген Жоспардан кейінгi мәтінде: бiрiншi, екінші және бесiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарламаны icкe асыруға байланысты қаржылық шығындар барлығы 62768,72 млн. теңгені құрайды. Республикалық бюджет барлығы 62468,72 млн. теңге, оның ішінде 2005 жылы - 14861,2 млн. теңге.»; «Республикалық бюджеттен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қамтамасыз етуге арналған қаржылық шығындар 5582,1 млн. теңгенi құрайды, оның ішінде 2005 жылы - 2179,9 млн. теңге, 2006 жылы - 2232,6 млн. теңге, 2007 жылы - 1169,6 млн. теңге. Жұмыстардың көрсетілген түрлеріне 300 млн. теңге мөлшерiнде инвестициялар тарту жоспарланып отыр, оның iшiнде 2005 жылы - 150 млн. теңге, 2006 жылы - 150 млн. теңге.»; мынадай мазмұндағы алтыншы aбзацпен толықтырылсын: «МИГ-31Д» ұшағының базасында «Есіл» авиациялық зымыран-ғарыш кешенiн құруға байланысты қаржылық шығындар 18404,422 млн. теңгені құрайды, оның iшiнде 2005 жылы - 500 млн. теңге, 2006 жылы - 1000,0 млн. теңге, 2007 жылы - 16904,422 млн. тeңгe.»; Ескертуде: әрiптік аббревиатураларды толық жазуда «Қаржымині Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «АЗҒК - авиациялық зымыран-ғарыш кешенi»; 2) «Маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы № 558 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «1. «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы орындайтын жұмыстар тiзбесi» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-жолмен толықтырылсын: «9. «МИГ-31Д» ұшағының базасында «Есіл» авиациялық зымыран-ғарыш кешенiн құру». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
|