Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 9 маусымдағы № 132 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөнінде нұсқаулық
Саудалық атауы Халиксол®
Халықаралық патенттелмеген атауы Амброксол
Дәрілік түрі Таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - амброксол гидрохлориді 30мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристаллдық целлюлоза, натрий крахмал гликоляты, повидон (К-30), магний стеараты.
Сипаттамасы Ақ немесе ақ дерлік түсті, ойығы бар, дөңгелек, жайпақ, бір жағында стильденген Е әрпі мен 231 саны таңбаланған және екінші жағында сызығы бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы Қақырық түсіретін препараттар. Муколитиктер. АТЖ коды R05C B06
Фармакологиялық қасиеті Фармакокинетикасы Амброксол асқазан-ішек жолдарынан толығымен сіңеді. Амброксол бауырдан “бастапқы өткенінде-ақ” белсенді метаболизге ұшырайды. Амброксолды ішке қабылдағаннан кейінгі абсолютті биожетімділігі шамамен 60% құрайды. Қабылданған дозаның шамамен 80% қан плазмасы ақуыздармын байланысады. Амброксол плацентарлық кедергі арқылы өтеді. Препараттың ұрық организміндегі қанығу деңгейі анасына қарағанда 2-4 есе жоғары. Сондай-ақ емшек сүтінде және жұлын сұйықтығында кездеседі. Бауырда глюкуронидтер түзе отырып биотрансформацияға ұшырайды. Қабылданған дозаның шамамен 90% амброксолдың глюкуронидтік конъюгаты немесе оның метаболизмінің қышқылданған өнімдері түрінде несеппен шығарылады. Препарат элиминациясы екі фазада болады - жартылай шығарылуының биологиялық кезеңі 1,3-8,8 сағат құрайды. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде жартылай шығарылу кезеңі ұзарады, сондықтан дозаны төмендетуді тағайындау немесе препаратты қабылдау аралығын арттыру керек. Амброксол ең жоғарғы плазмалық қанығуына орта есеппен 3 сағатта жетеді. Препараттың әсері қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң пайда болады және 6-12 сағатқа дейін жалғасады. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|