Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 18 бұйрығына 4-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығына акт беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Осы регламентте мынадай терминдер мен аббревиатуралар пайдаланылады: ХҚКО - Халыққа қызмет көрсету орталығы; ЖҚБ (ЖҚБ) - «Жер қатынастары басқармасы (бөлімі)»; «МемжерҒӨО» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
2. Осы регламент халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығына акт беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету). 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (43-баптың 9-тармағы) негізінде жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстың маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады. 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны тұтынушы алатын тұрақты жер пайдалану құқығына акт беру болып табылады. 7. Қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері тиісті мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен белгіленеді. 8. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдар және өзге де субъектілер: 1) ХҚКО - құжаттарды қабылдау және беру; 2) Жер қатынастары жөнінідегі басқарма (бөлім) (бұдан әрі - ЖҚБ) - өтініштерді қабылдау, актілерге қол қою, тіркеу және беру; 3) «МемжерҒӨО» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорны - құжаттарды қабылдау, оларды тіркеу және актілерді әзірлеу; 9. Осы регламент Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігімен келісілді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|