Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 82 бұйрығына 1-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебіне алу туралы жүргізілген жазба туралы белгісі бар азаматтарды тіркеу кітабын ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар ХҚО - Халыққа қызмет көрсету орталығы; ХҚжТБ - Халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімі; ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік - бұл уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері және т.с.с.
2. Жалпы ережелер
Тұрғылықты жері бойынша тіркеу - Қазақстан Республикасындағы халықтың ішкі көші-қонын есепке алуды енгізу. Азаматтарды тіркеу кітабы жеке тұлғаның тіркелген жерін растайтын құжат болып табылады. Заңнамада белгіленген жағдайларда азаматтарды тіркеу кітабы немесе оның көшірмесі мүдделі органдарға талап етіледі. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының, «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 74 бұйрығының негізінде көрсетіледі. 5. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттері және аудандық әділет басқармалары ХҚО арқылы ұсынылады. 6. Мемлекеттік қызметтің аяқтау нысаны азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу кітабына жазба енгізу және тіркеуді растайтын мөртаңбанның қойылуы болып табылады. 7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде көрсетіледі: Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қабылдау және беру уақыты есепке алынбай, екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|