Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы «___» __________ №__ бұйрығына 8-қосымша
Жылжымайтын объектілердің техникалық паспортын халыққа қызмет көрсету орталықтары және уәкілетті органдар арқылы беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу - жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі; Абрис - табиғи салынған учаскенің сызбалық эскизі, онда учаскенің шекаралары мен барлық құрылыстары мен ғимараттарының сыртқы сұлбасы бойынша жиектерінің бейнесі, сондай-ақ құрылыстар мен ғимараттардың ішкі өлшемдерінің нәтижелері қамтылған. Абрис онда бейнеленетін құрылыстар мен ғимараттар өздерінің сызбалары бойынша шындыққа жақын болуы үшін және салыстырмалы масштабта болуы үшін қолдан салынады; Кадастрлық нөмір - жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру ережесінде белгіленген тәртіппен берілетін жылжымайтын мүлік объектісінің Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке, қайталанбайтын нөмірі; Жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі - әр түрлі функционалдық мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, сондай-ақ ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері; Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі - құқықтарды тіркеу мақсатында меншіктің жеке (бөлек) құқық (өзге де заттық құқық) объектілері ретінде оларға кадастрлық нөмірлер берілетін тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар; Тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан барлық меншік нысандарындағы тұрғын үйлер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|