|
|
|
А.А. Исетовті Нью-Йорк қаласына (Америка Құрама Штаттары) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және 2009 жылғы 26 қазан - 4 қараша кезеңінде Нью-Йорк қаласында (Америка Құрама Штаттары) Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Алтыншы комитетінің отырыстары шеңберінде «Халықаралық құқық аптасы» өткізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары Арман Асқарұлы Исетов 2009 жылғы 24 қазан - 1 қараша кезеңіне Нью-Йорк қаласына (Америка Құрама Штаттары) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі А.А. Исетовке қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Стамбул - Нью-Йорк - Стамбул - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |