|
|
|
Б.К. Садықов пен Ә.Е. Таналиновты Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, сыртқы істер министрліктері арасындағы қаруды таратпау және қарусыздану мәселелері, Солтүстік Атлант шарты ұйымының проблематикасы, халықаралық терроризмге, заңсыз есірткі айналымына және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы әрекет ету жөніндегі екі жақты консультацияларға қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры Барлыбай Кәрімұлы Садықов пен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көп жақты ынтымақтастық департаменті халықаралық қауіпсіздік басқармасының бастығы Әнуар Ескендірұлы Таналинов 2009 жылғы 18 - 24 қазан кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Б.К. Садықов пен Ә.Е. Таналиновқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |