|
|
|
Б.Е. Құдабаевты және Ж.Б. Дәрімбетованы Сеул қаласына (Корея Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Корея Республикасының қор нарығын дамыту тәжірибесін зерделеу жөніндегі семинарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің Даму департаменті қор нарығының инфрақұрылымы басқармасының бас сарапшысы Бақыт Ержанұлы Құдабаев пен Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің Тіркеу департаменті қор нарығының маркетингі басқармасының сарапшысы Жанар Байдалықызы Дәрімбетова 2009 жылғы 23 қазан - 6 қараша кезеңіне Сеул қаласына (Корея Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Б.Е. Құдабаевқа және Ж.Б. Дәрімбетоваға тәуліктік және Алматы - Сеул - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күші нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |