|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Вена қаласына (Австрия Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тақырыбы бойынша тренингтерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 19 - 22 қазан кезеңіне Вена қаласына (Австрия Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Вена - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 1624 қаулысына қосымша
Вена қаласына (Австрия Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |