Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 20 маусымдағы № 142 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Фарилин® 125 Фарилин® 250
Халықаралық патенттелмеген атауы Ампициллин
Дәрілік түрі Ішетін суспензия дайындауға арналған ұнтақ 125мг/5мл Ішетін суспензия дайындауға арналған ұнтақ 250мг/5мл
Құрамы 5 мл суспензияның құрамында белсенді зат - 125мг, 250мг ампициллин тригидраты қосымша заттар: натрий бензоаты, натрий цитраты, құрғақ банан, ксантанды камедь, сахароза
Сипаттамасы Банан дәмі бар ақшыл немесе ақ суспензия.
Фармакотерапиялық тобы Әсер ауқымы кең пенициллиндер. АТЖ коды: J01CA01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Қышқылға төзімді. Ішу арқылы қабылдағанда асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Тамақ ішу ампициллиннің сіңуін азайтуы мүмкін. Ампициллин көптеген органдар мен тіндерге тарайды; дегенмен, жұлын сұйықтығындағы қанығуы тек ми қабықтары қабынғанда (мысалы, менингиттерде) ғана пайда болады. Ампициллин өзгермеген күйінде елеулі дәрежеде несеппен шығарылады; ампициллинді пробенецидпен бір мезгілде қабылдағанда шығарылуы баяу жүреді, ол ампициллиннің бүйрек және тубулярлық сөлінісін тежейді. Ампициллиннің плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 1-2 сағатты құрайды. Препараттың жоғары концентрациялары өт пен несептен табылады. Ампициллиннің 20% жуығы плазма ақуыздарымен байланысады. Препараттың метаболизденуі (15-50%) бауырда жүреді. Фармакодинамикасы Ампициллин - әсер ауқымы кең жартылай синтетикалық пенициллиндер тобындағы антибиотик. Аэробтық грамоң бактериялар: Staphylococcus spp. (пенициллиназа түзетін штаммдарды қоспағанда), Streptococcus spp., Enterococcus spp., Listeria monocytogenes; аэробты грамотеріс бактериялар: Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Escherichia coli, Shigella spp., Salmonella spp., Bordetella pertussis, мынаның Haemophilus influenzaeкейбір штаммдары жөнінде белсенді. Пенициллиназаның әсерімен ыдырайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|