Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Фармацевтикалық бақылау Төрағасының 2007 жылғы 28 маусымдағы № 110 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік заттың қолданылуы жөніндегі мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Ферровит
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі 125 мл-лік шәрбәт
Құрамы 125 мл шәрбәттің құрамында: белсенді заттар: гептагидраттың темір сульфаты 4,25г (бұл (II) - 0,856г темір құрамына сәйкес келеді) аскорбин қышқылы 1,0 г, қосымша заттар: сорбитол, натрий сахаринаты, тағамды хош иістендіргіш, лимон қышқылы, тазартылған су 125 мл-ге дейін.
Сипаттамасы Әлсіз-жасылдау немесе жасыл-сары түсті, өзіне тән жеміс иісті, қышқыл-тәтті дәмі бар шәрбәт тәрізді мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы Анемияға қарсы препараттар. Ішуге арналған еківалентті темір препараттары. АТЖ коды В03АА
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішке қабылдағаннан кейін препараттың кұрамындағы темір ас қорыту жолынан жақсы сіңеді және жүйелік қан айналымына түседі. Препаратты ішкеннен соң қан сарысуындағы ең жоғарғы қанығу деңгейіне 2-4 сағаттан кейін жетеді, сол жоғары деңгейде 24 сағат бойы сақталады. Препарат сіңгеннен кейін трансферрин тасымалданатын ақуызымен байланысады, темірді тіндерге тасымалдайды, сонда қайта босап шығады. Асқазан-ішек жолымен, бүйрекпен және тер бездерімен шығарылады. Аскорбин қышқылы организм тіндерінде кеңінен таралады. Қан сарысуының ақуыздарымен байланысуы 25%. Аскорбин қышқылы дегидроаскорбин қышқылын түзе отырып кері тотығады, бір бөлігі белсенді емес аскорбат-2-сульфатын және несеп арқылы шығарылатын қымыздық қышқылын түзе отырып метоболизденеді. Аскорбин қышқылын шамадан тыс қолданған жағдайда өзгермеген күйде несеп арқылы тез шығарылады, бұл жағдай әдетте тәуліктік дозаны 200 мг-ден арттырғанда ғана болады. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|