Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Фармацевтикалық бақылау бақылау Төрағасының 2008 жылғы 24 қарашадағы № 293 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Ферровит - С
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі 25 мл тамшы
Құрамы 25 мл ерітіндінің құрамында: белсенді зат - темір (II) 0,2370 г (гептагидрат сульфаты ретінде 1,180 г), қосымша заттар: сорбитол 3,750г, аскорбин қышқылы 0,200 г, тағамдық хошиістендіргіш 0,0625 г, тазартылған су 25 мл-ге дейін.
Сипаттамасы Арнайы хош иісі бар жасылдау немесе сарғыш-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы Гемопоэзды ынталандырғыш. Ішу арқылы қабылданатын темір (екі валентті) препараты . АТЖ коды B03AА07
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Препаратты ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан толықтай дерлік түрде қан ағысына түседі. Препаратты қабылдағаннан кейін темірдің қансарысуындағы ең жоғарғы қанығу деңгейіне алғашқы 2-4 сағат ішінде жетеді. Фармакодинамикасы Анемияға қарсы препарат. Темір организмнің өмір сүруіне керекті зат: ол гемоглобиннің, миоглобиннің және көптген ферменттердің құрамына кіреді. Оттегімен қайтымды түрде байланысады; ол тотығу және қалпына келтіру реакцияларына қатысады; эритропоэзді жандандырады. Темір сульфаты организмдегі темір тапшылығын жояды. Аскорбин қышқылы асқазан- ішек жолынан темірдің сіңуін жақсартады.
Қолданылуы - әр түрлі этиологиядағы темір тапшылығынан болған анемияда (организмге тамақпен бірге темір аз түскенде, организмнің темірге деген қажеттілігі артқанда, ұзақ уақыт бойы қан кеткенде) - В12-тапшылығы орын алған анемияда (кешенді емнің құрамында) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|