|
|
|
А.Е. Сағымовты Киев қаласына (Украина) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық инспекторларға арналған оқу курсынан өту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті әуеайлақтар басқармасының сарапшысы Арман Еркінұлы Сағымов 2009 жылғы 2 - 11 қараша кезеңіне Киев қаласына (Украина) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі А.Е. Сағымовқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Киев - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |