|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы № 660 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Алматы қаласын энергиямен жабдықтаудың жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы № 660 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: тақырыбы «Алматы қаласын» деген сөздерден кейін «және Алматы облысын» деген сөздермен толықтырылсын; кіріспеде «Алматы қаласының» деген сөздерден кейін «және Алматы облысының» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдерінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» АҚ) және «Алатау Жарық компаниясы» (бұдан әрі - Қоғам) акционерлік қоғамдарының:»; екінші абзацта: «Алматы қаласының» деген сөздерден кейін «және Алматы облысының» деген сөздермен толықтырылсын; «Самұрық» холдингі» АҚ-ның» деген сөздер «Самұрық-Қазына» АҚ-ның» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта «Алматы қаласының әкімі, «Самұрық» холдингі» АҚ» деген сөздер «Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, «Самұрық-Қазына» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |