|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасында: «Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімі орынбасарларының саны (бірлік)» деген бағанда: «Шығыс Қазақстан» деген жолдағы «4» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын; «ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «69» деген сандар «70» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Шығыс Қазақстан облысының әкімі: 1) өзінің бұрын шығарған актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |