Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2009 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 487-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында: 1) «Облыстық әкімдік» деген 1-бөлімде: мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын: «16-1. Қаржы басқармасы»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы»; 2) «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі» деген 2-бөлімде: мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын: «17-1. Қаржы басқармасы»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы»; 3) «Ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі» деген 3-бөлімде: мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: «13-1. Қаржы бөлімі»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»; 2) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат): 1-қосымшада: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс.»; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Халқының саны 250000 адамнан аз аудандар әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 250000 адамнан астам аудандар әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс.»; 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 және 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1107 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында: 1) «Облыстық әкімдік» деген 1-бөлімде: үшінші, төртінші және бесінші абзацтар алынып тасталсын; 2) «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі» деген 2-бөлімде: алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтар алынып тасталсын; 3) «Ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі» деген 3-бөлімнің 3) тармақшасы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|