Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 6 наурыздағы № 40 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Фолликулин-Здоровье
Халықаралық патентелмеген атауы Эстрон; estrone
Дәрілік түрі 0,1% инъекцияға арналған майлы ерітінді
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зато - 100 % затқа шаққанда 1 мг эстрон, қосымша зат - шабдалы майы.
Сипатамасы Ашық сары түсті мөлдір майлы сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы Табиғи және жартылай синтетикалық эстрогендер АТЖ коды G03C А07
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Препаратттың әсер ететін заты - эстрон егілген жерден жақсы сіңеді. Қан срысуындағы жоғарғы деңгейі 4-5 күн бойы сақталады. Негізінен бауырда метаболизденеді (ішнәра өкпеде, майлы тіндерде), өт арқылы шығарылады, ішек жолдарынан қайта сіңеді де бауырға портальды жүйе арқылы қайта түседі. Конъюгат түрінде негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Шығарылу жылдамдығы организмнің физиологиялық жағадайына (жүктілік, овариальді-менструальді циклдің фазасына) жасына, және басқадай факторларға байланысты болады. Фармакодинамикасы Эстрон - табиғи фолликулярлық гормон, ол жыныстық тұрғыдан жетілу кезінен бастап аналық бездерде түзіліп климактериялық кезеңге дейін әйелдердің репродуктивті жүйесін реттейді. Жыныстық ағзалардың, сүт бездерінің, гипоталамустың және гипофиздің эстерогендіксезімтал рецепторлары арқылы іске асырады. Арнайы эстрогендік әсері эндометрияның (жатыр түтікшелерінде, жатыр мойнында, қынапта, сыртқы жыныс мүшелерінде), сүт бездерінің сүт шығаратын өзекшелерінде) пролиферациясын, жатырдың өсуін, екінші реттегі жыныстық белгілердің дамуын ынталандырады, климактериялық кезеңде немесе гинекологиялық операциядан кейінгі кезеңде жыныс бездері қызметінің жеткілксіздігінен болатын өзгерістердің дамуын азайтады . Прогестерон мен бірге менструальдық циклды және бала табу қызметін реттейді Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|