Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 24 қарашадағы № 292 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Сауалық атауы Фрагмин®
Халықаралық патенттелмеген атауы Далтепарин
Дәрілік түрі Инъекцияға арналған 25000 ХБ (анти-Ха) ерітінді
Құрамы белсенді зат: натрий далтепарині тиісінше 25000 ХБ (анти-Ха)/мл қосымша заттар: инъекцияға арналған су, натрий гидроксиді немесе хлорлы сутегі қышқылы q.s. (қажетті рН-ты қамтамасыз ету үшін).
Сипаттамасы Мөлдір, түссіз немесе сарғыштау ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы Тікелей әсер ететін антикоагулянттық дәрі. ATЖ коды B01AB04
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Анти-Ха белсенділігі бойынша өлшенген абсолюттік биожетімділігі 87±6% құрайды таралу көлемі дене салмағының әр келісіне шаққанда 40-тан 60 мл-ге дейін құрайды. Көктамырға енгізгеннен кейінгі жартылай шығарылу кезеңі 2 сағатқа жуық. Препарат негізінен бүйрекпен шығарылады, дегенмен бүйрекпен шығарылатын бөліктердің биологиялық белсенділігі зарттелмеген. Фармакодинамикасы Фрагмин Ха факторының және плазманың атромбині арқылы тромбин белсенділігін тежейжейді. Фрагмин® препаратының ұюға қарсы тиімділігі бірінші кезекті Ха факторын тежеумен байланысты; қанның ұю уақытына препарат болымсыз әсер етеді. Гепаринмен салыстырғанда Фрагмин® тромбоциттер адгезиясына әлсіз әсер етеді және осылайша, бастапқы гемостазға әсер етеді.
Қолданылуы - терең көктамырлардың жедел тромбозын және өкпе артерияларының тромбоэмболияларын емдегенде - жедел немесе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілердегі гемодиализ немесе гемофильтрациялау кезінде экстракорпоральды қан айналымы жүйесіндегі қан ұюының алдын алуда - хирургиялық араласулар кезіндегі тромб түзілуінің алдын алғанда - жедел сатыдағы терапиялық аурулары бар және қозғалысы шектелген (оның ішінде төсек режимін қажет ететін) науқастардағы тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алғанда - тұрақсыз стенокардия мен миокард (ЭКГ-дағы Q-тісінсіз) инфарктында Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|