Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № 206 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Белсендірілген көмір
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі 0,25 г таблетка
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 0,25 г белсендірілген көмір қосымша заттар - 0,047 г картоп крахмалы бар
Сипаттамасы Жалпақ цилиндр пішінді, қара түсті, бөлетін сызығы және кертігі бар, сәл кедір-бұдырлы таблетка
Фармакотерапиялық тобы Ішек адсорбенттері. Белсендірілген көмір препараттары АТЖ коды А07ВА01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Препарат биологиялық сұйық ортада ерімейді, химиялық белсенділік танытпайды және ішектен 24-48 сағат ішінде толық шығарылады. Фармакодинамикасы Беткейлік белсенділікті төмендететін заттармен байланысу қабілетінің жүзеге асуынан беткейлік белсенділігінің үлкен болуымен сипатталады (олардың химиялық табиғатын өзгертпей). Газдарды, уыттарды, алкалоидтарды, гликозидтерді, ауыр металлдардын тұздарын, салицилаттарды, барбитураттарды және басқаларды сіңіріп, олардың асқазан-ішек жолынан сіңуін азайтады және организмнен нәжіспен бірге шығарылуына мүмкіндік береді. Қышқылдарды және сілтілерді (оның ішінде темір тұздарын, цианидтерді, малатионды, метанолды, этиленгликольды) аз сіңіреді.
Қолданылуы - ішекте ашу және шіру үдерістерімен қоса жүретін, асқазан-ішек ауруларында (оның ішінде іштің желденуі, диспепсия) - жоғары қышқылдылықта және асқазан-ішек жолындағы шырыш секрециясында - іш өткенде - қатты уланғанда (оның ішінде алкалоидтармен, гликозидтермен, ауыр металл тұздарымен) - улану белгілері бар ауруларда: - токсемия және септикотоксемия сатысындағы күйік ауруларында - ХПН (гиперазотемияда) - алкалоидты-абстинентті синдромда - онкологиялық ауруы бар науқастар сәуле және химиялық ем қабылдағанда болатын уыттануларда - тағамнан болатын уытты жұқпаларда - дизентерияда - сальмонеллезда - бауыр циррозында - рентгенмен тексеруге дайындық жасағанда (газдың түзілуін азайту үшін)
Қолдану тәсілдері және дозасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|