Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 288 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы МПС бар Юниэнзим
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: зеңді диастаза (1:800) 20 мг папаин 30 мг симетикон 50 мг белсендірілген көмір 75 мг никотинамид 25 мг, қосымша заттар: кремнийдің коллоидты қос тотығы, микрокристаллды целлюлоза, лактоза, қараған шайыры, натрий бензоаты, желатин, тазартылған тальк, магний стеараты, натрий кармеллозасы, қабық құрамы: майсана майы, шеллак, кальций карбонаты, тазартылған ағаш көмірі, кремнийдің коллоидты қос тотығы, сахароза, қараған шайыры, желатин, натрий бензоаты, тазартылған тальк, карнауб балауызы, бал арасының ақ балауызы.
Сипаттамасы Бір жақ бетінде ақ түспен UNICHEM деп жазылған таңбасы бар сопақ, қара түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Таблеткалар түрлі түсті болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы Ас қорыту мүмкіндігі бар препараттар (ферментті препараттарды қосқанда) АТЖ коды A09A
Фармакологиялық қасиеттері МПС бар Юниэнзим® - құрамында диспепсияны жылдам бәсеңдетуге және метеоризм мен абдоминальді жайсыздықты кетіруге арналған барлық қажетті компоненттер бар. Юниэнзим негізінен организмнен бөлінетін ферменттерге қатысты қосымша ферментер ретінде әсер ететін зеңдік диастаза (α-амилаза) және папаиннен тұрады.
Зеңді диастаза құрамында түрлі ферментер бар ас қорытуды көтермелейтін зат. Көмірсулар, ақуыздар және майлар алдымен ұсақ бөліктерге ыдырамастан организм сіңіре алмайтын өте маңызды заттар болып табылады; бұл көптеген ферментердің жұмысымен қамтамасыз етіледі. Зеңді диастаза дәл осы ферменттердің жеткіліксіздігінде ұсынылады; негізінен оның құрамында көмірсуға бай тағамның қортылуына ықпал ететін α-амилаза бар.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|