Мұнай өнімдері
Мазмұны
Осы стандарт статистикалық электрмен және онсыз сөндіргіштің қысымы болатын авиациялық және дистилляттық отындардың бейтарап меншікті электр өткізгіштігін анықтау әдісін белгілейді. Әдіс зарядталмаған отын үшін меншікті электр өткізгіштікті, атап айтқанда, электрлі бейтарап отынды (бейтарап меншікті электр өткізгіштік деп аталатын) өлшеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта отынның меншікті электр өткізгіштігін өлшеудің екі әдісі бар, біреуінде бактарда немесе зертханаларда және сынамаларды далада өлшеу тікелей өлшеулерге арналған портативті өлшеу аспабы, ал екіншісінде ағындағы отынның меншікті электр өткізгіштігін (баламалы бейтарап меншікті электр өткізгіштіктің) үздіксіз өлшеуге арналған салынбалы өлшеу аспабы пайдаланылады. Өлшеулерді жүргізер алдында осы әдістердің кез келгенін қолдану кезінде қалдық электр зарядтарының релаксациясына және ластануларды болдырмауға ерекше назар аудару қажет. Әдіс анықталған ұқсастықты анықтау үшін қолданылатын жабдықтың көмегімен 1 пкСим/м бастап 2000 пкСим/м дейінгі ауқымдағы меншікті электр өткізгіштерді өлшеу үшін пайдалануға болады. Бұл ауқым тоқты өлшейтін электродтар мен аспаптардың өлшемдерін дұрыс таңдау нәтижесінде үлкен мәні жағына кеңейтілуі мүмкін.
Осы стандартта мынадай нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылды: ҚР СТ 1.9-2007 Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу жүйесі. Қазақстан Республикасында шет мемлекеттердің халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарын, басқа да стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі. ГОСТ 8.417-2002 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Шамалардың бірліктері. ГОСТ 2517-85 Мұнай және мұнай өнімдері. Сынамаларды іріктеу әдістері. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|