|
|
|
«Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» (2013.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1489 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1489 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1489 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1489 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ішкі істер органдары жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімшелері (бұдан әрі - ТЕБ) ұсынады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 1) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 10-бабы; 2) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 15-бабы; 3) ҚР Үкіметінің 2011.29.07. № 879 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2011.29.07. № 879 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 855 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1) Үкіметтің электрондық порталында; 2) электрондық Үкіметтің порталында; 3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) веб-сайттарында (mvd.gov.kz); 4) ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 855 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) веб-сайттарында, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ТЕБ үй-жайларында, стендтерде және ақпараттық тақталарда орналастырылады. 5. Жүргізуші куәлігін (бұдан әрі - ЖК) беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 6 сағаттан аспайды; 2) өтініш иесі жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызмет көрсетілгенге дейін кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 30 минуттан аспайды; 3) өтініш иесі жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің ең жоғарғы шекті уақыты 40 минуттан аспайды. ҚР Үкіметінің 2011.29.07. № 879 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 125 пайызын құрайды. Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар баждың мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын береді. 9. Мемлекеттік қызмет аптасына бес күн көрсетіледі (сейсенбі - жұма сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі сағат 08.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін). Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. ТЕБ қызмет көрсету орны ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек кіретін есігі, күтуге арналған орындары, құжаттарды рәсімдеу үшін орындықтары, үстелдері (тіректер) бар, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері ілінген стендтермен жабдықталған залы болады. Дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қызмет тікелей өтініш иесі тұратын жерде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.01.12. № 1427 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Мемлекеттік қызметті тұтыну үшін өтініш иесі ТЕБ қызметкеріне мынадай құжаттарды ұсыну қажет: 1) жүргізуші куәлігін беруге арналған бланкіге толтырылған өтініш; 2) тіркеу іс-қимылдарын жасау үшін жүгінген адамның жеке басын куәландыратын құжат; 3) курстарды аяқтағаны туралы куәлік және оның көшірмесі; 4) медициналық анықтама; 5) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау ұйымдары беретін жүргізуші карточкасы; 6) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат. 12. Өтініштің бланкісін ТЕБ қызметкері береді, ол осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ІІМ-нің және ІІД-нің веб-сайттарында да орналастырылған. 13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті, осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар ТЕБ-ке тапсырылады. 14. Құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініш иесіне (өтініш иесінің өкіліне) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырғаны туралы талон беріледі. 15. Жүргізуші куәлігі өтініш иесіне жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін ЖК беру тізіліміне қолын қойғызып беріледі. ҚР Үкіметінің 2011.29.07. № 879 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден: 1) көлік құралының өтініш иесі (өтініш иесінің өкілі) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған; 2) медициналық қорытындымен расталған, көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізушінің денсаулығы нашарлаған; 3) уәкілетті органның (лауазымды адамның) талабы бойынша азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жағдайда; 4) егер өтініш иесі: 5) «А» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын беру кезінде 16 жасқа толмаса; 6) «В», «С» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын беру кезінде 18 жасқа толмаса; 7) «Д» санатындағы көлік құралдарын, троллейбустар мен трамвайларды басқаруға құқық беру кезінде жиырма бір жасқа толмаса және жүргізушінің кемінде үш жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде кемінде бір жыл «С» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілінің болуын растайтын құжаттарды ұсынбаса; 8) «Е» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын беру кезінде кемінде он екі ай көлік құралдарын басқару өтілінің болуын растайтын құжаттарды тапсырмаса, бас тартылады.
17. ТЕБ қызметі тұтынушылардың конституциялық құқықтарының сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, құжаттардың сақталуын, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттық қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
18. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшейді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін ТЕБ жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері ІІМ-нің тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
20. Уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауда жәрдемдесуді осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген сенім телефондары арқылы алуға болады. ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 855 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 21. ТЕБ қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген қалалық, аудандық ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің), ІІД-нің, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің жоғары тұрған басшылығына белгіленген тәртіппен шағымдануға болады. 22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым ІІД-нің жол полициясы басқармасы тіркеу-емтихан бөлімшесінің бастығына жұмыс күндері беріледі. 23. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдану құқығы бар. 24. Шағым құзыретіне шағымдағы мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды адамның атына берілуі тиіс. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы, заңды тұлғаның - оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюы тиіс. Шағым берген кезде субъектінің немесе іс-әрекетіне шағым берілетін лауазымды адамдардың лауазымы, тегі мен аты-жөндері, жүгіну себептері және талабы көрсетіледі. 25. Келіп түскен шағым ішкі істер органының ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш иесіне күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген талон беріледі. Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш иесіне жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады. ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 855 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 26. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 4, кезекші бөлімнің телефоны: (7172) 71-58-68, сенім телефоны: (7172) 71-58-25.
ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.08. № 855 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдау туралы №_____ ТАЛОН __________________________________________________________________ (Өтініш иесінің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
Қабылданған құжаттардың тізбесі: 1._____________________________________________________________________________________________________________________ 2._____________________________________________________________________________________________________________________ 3._____________________________________________________________________________________________________________________ 4._____________________________________________________________________________________________________________________ 5._____________________________________________________________________________________________________________________ 6._____________________________________________________________________________________________________________________ 7._____________________________________________________________________________________________________________________ 8._____________________________________________________________________________________________________________________ 9._____________________________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________
Қабылдаған: _______________________________________________/____________________/______________ (ТЕб қызметкерінің лауазымы, атақ) (қолы) (ТАӘ ) _________ жылғы «_______»________________ Берілген күні мен уақыты___сағ_______мин «____»_______ _____жыл
Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша
Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |