Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 12 маусымдағы № 198 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Тобрадекс®
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түріСтерильді офтальмологиялық 3,5г жақпа май
Құрамы 1мл құрамында беленді зат: тобрамицин 3,0мг; дексаметазон 1,0мг. қосымша заттар: хлорбутанол 5,0мг/г; минералды май, ақ вазелин.
Сипаттамасы Ақтан ақ түсті дерлікке дейінгі біртекті жақпа май
Фармакотерапиялық тобы Глюкокортикостероидтер микробтарға қарсы препараттармен біріктірлген. АТЖ коды S01СА01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Дексаметазонды жақпа май түрінде жергілікті қолданғаннан кейін окулярлы жетімділігі 0,1% төмен. Тобрадексті® жақпа май түрінде жергілікті қолданғанда тобрамициннің жергілікті әсері аз. Тобрамицин негізінен өзгермеген дәрі ретінде гломерулалық сүзу арқылы несепке жылдам және экстенсивті бөлінеді. Плазмадан Т1/2 шамамен 2 сағат, клиренспен 0,04 л/сағат/кг және таралу көлемі 0,26 л/кг. Қан плазмасының протеиндері тобрамицинмен кем дегенде 10% байланысады. Фармакодинамикасы Тобрадекс® құрамындағы глюкортикостероид дексаметазон және аминогликозидтер тобының әсер ауқымы кең антибиотигі- тобрамицин бар. Басқа стероидтердің белсенділігімен салыстырғанда дексаметазонның минералкортикоидті белсенділігі жоқ және қабынуға қарсы ең күшті агенттердің бірі болып табылады. Кортикостероидтердің қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және жоғары сезімталдықты басатын әсері айқын. Дексаметазон эозинофилдердің қабыну медиаторларын шығаруын, толық жасушалардың көшуін бәсеңдете және қылтамырлардың өткізгіштігін азайта отырып қабыну үдерістерін белсенді түрде басады. Тобрамицин цитоплазмалық жарғақшалары қызметін бұза отырып және микробты жасушалар өлуін туындата отырып төменгі концентрацияларда бактериостатикалық (рибосомалардың 30S субъбірлігін бөгейді және ақуыз синтезін бұзады), ал жоғарғы концентрацияларда - бактерицидті әсер етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|