|
|
|
Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілген Н.Ж. Алмашовтың іссапар шығыстарын өтеу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, 2009 жылғы 9 - 12 наурыз кезеңінде Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың жарғылық құжаттарын қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысына қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің талдау және бақылау басқармасының бас сарапшысы Нұртай Жолтайұлы Алмашовтың қонақ үйде тұруға жұмсаған шығындарын, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарын 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен өтесін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |